ҮЛГІ ТҰТАР АДАМ
Халелова Әлия Әнуарбекқызы Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Қарашілік орта мектебінде 22 жыл табанды еңбек етіп жүр.
Әлия апай өз жұмысына жауапты, әріптестерінің арасында сыйлы жан.
Мектепке келген әр жаңды жылы жүзімен қарсы алады, өз ісінің шебері десек те артық емес.
Мұғалім мектептің жүрегі болса, Әлия апай мектебіміздің күні тәріздес өз нұрымен адамдарды баурап, жақсы көңіл-күй сыйлайтын адам.
Мектептің қоғамдық өміріне де қатысып, кәсіподақтың белсенді мүшелерінің бірі болып жүр. Әрдайым қол үшін созуға дайын жан.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының Ақжар аудандық комитеті