МАҢҒЫСТАУДА КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы, Маңғыстау аудандық филиалы мектеп директорлары мен есепшілеріне «Зейнет жасына жеткен қызметкерлермен еңбек шартын бұзу тәртібі», «Білім беру ұйымдарындағы зертханашылар» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға әлеуметтік әріптес ретінде ауданның білім бөлімінің басшысы Айжақсы Жылқыбайқызы Тұржанова, орынбасары Еркін Аманқосұлы Мәжитов қатысты.
Семинар барысында «Зейнет жасына жеткен қызметкерлермен еңбек шартын бұзу тәртібі», «Білім беру ұйымдарындағы зертханашылар қызметіне қатысты мәселелер» нақты түсіндірілді.
Семинар спикерлері облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасыТ.Баймбетова және құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.С. Храмова кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша айтып өтті.
Еңбек қатынастарының заңдылығы және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы сұрақтар да ашық талқыланды.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, ұжымдық шарттардың орындалуы, мүшелік жарналардың жиналу тәртібі және әлеуметтік қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы ұсыныстар қарастырылды.
Қатысушыларға қажетті ақпараттық-әдістемелік түсіндірмелер берілді.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудандық филиалы
-
Фотографии
-