ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК
Ақтау қаласында 2026 жылдың 12–16 мамыр аралығында өтіп жатқан гір спортынан Азия чемпионатында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының спортшысы Жаныс би ауылы Темірастау жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Рамилин Нұрбол Ұзаққалиұлы табысты өнер көрсетті.
Ересектер арасында 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Нұрбол Рамилин жоғары дайындық пен қайсарлық танытып, жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болды.
Бұл – спортшының үздіксіз еңбегі мен табандылығының жемісі. Ұстаз ретінде шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, спортта да биік нәтижелерге жетіп жүрген Нұрбол Рамилин жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, үлгі көрсетіп келеді.
Ырғыз ауданының абыройын асқақтатқан әріптесімізді жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы додаларда толағай табыстар тілейміз!