ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ – ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ БАҒЫТ БЕРУШІСІ
Маңғыстау туризм колледжінің математика және информатика пәндерінің оқытушысы, педагогикалық ғылымдардың магистрі Нұғманова Диляра Жүсіпқызы – білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізіп жүрген шығармашыл педагог әрі зерттеуші маман.
Кәсіби жетістіктері мен әдістемелік белсенділігі:
Диляра Жүсіпқызы кәсіби шеберлік алаңдарында белсенді:
«Графикалық дизайн» және «Веб-үлгілеу» құзыреттіліктері бойынша байқаулардың жүлдегері.
Халықаралық және республикалық конференцияларда «Үздік жоба», «Үздік баяндама» дипломдарымен марапатталған.
Колледждің әдістемелік жұмысына аянбай үлес қосып, заманауи оқыту әдістері мен жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану тәжірибесін ортаға салады, жас мамандарға кәсіби қолдау көрсетеді.
Студенттермен жұмыс және стартап жобалар:
Ұстаз білім алушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен студенттер жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
- «Tourist Smart Terminal» жобасы: Облыстық жобалар хакатонында І орын, Mangystau Hub ұйымдастырған «Pizza Pitch» байқауында ІІІ орын иеленіп, «Hackathon 3.0» додасында жоғары бағаланды.
- «Silent Zone» жобасы: Кәсіпкерлік бағытында сәтті қорғалды.
- «Start Edu» стартапы: Қазіргі таңда әріптесімен бірге әзірленіп жатқан бұл жобаның MVP моделі «Idea Battle» байқауында таныстырылды.
Ғылыми ізденістері мен мақалалары:
Зерттеушінің цифрлық білім беру, LMS (оқытуды басқару жүйесі), электрондық ресурстар және функционалдық сауаттылықты арттыру мәселелеріне арналған бірнеше мақалалары халықаралық және республикалық журналдарда жарық көрді. Сонымен қатар ол математиканы өмірмен және туризм саласымен байланыстыра оқытудың тәжірибелік маңыздылығын ғылыми еңбектерінде дәлелдеп келеді.
Диляра Жүсіпқызы – теория мен тәжірибені ұштастыра білген, техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына зор үлес қосып жүрген жаңашыл, үлгілі маман.
М.Самиғуллина,
Маңғыстау Туризм колледжінің бастауыш кәсіподық ұйымының төрағасы.