ШӘКІРТТЕРІНІҢ БОЙЫНА ШУАҚ ҚҰЙҒАН
ШӘКІРТТЕРІНІҢ БОЙЫНА ШУАҚ ҚҰЙҒАН
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы N45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы ұжымындағы сыйлы әріптес, шәкірт жүрегінен орын алған ұстаздардың бірі – география пәнінің мұғалімі Ережепова Мейрамкүл Әлуханқызы.
Мейрамкүл ұстаз еңбек жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндет санап келеді. География пәнінің мұғалімі ретінде әр сабағында оқушылардың тек білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға ерекше мән береді.
Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шәкірттері түрлі білім бәйгелерінде жетістікке жетіп, өз қабілеттерін шыңдап келеді. Әріптестері арасында сыйлы, оқушыларына бағыт-бағдар беруші жан ретінде танылған Мейрамкүл ұстаз – білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білген тұлға.
Ұстаздық – жүрек қалауы мен үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Осы жолда аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген Мейрамкүл Ережеповаға шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасы амандығы және шәкірттерінің биік белестерді бағындыруын тілейміз!
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына қалыптастыруға құйылған кірпіш.