ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ – БАСТЫ НАЗАРДА
28–29 мамыр күндері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары әлеуметтік әріптестермен және кәсіподақ көшбасшыларымен кездесулер өткізіп, оқыту және түсіндірме жүргізу мақсатында Бейнеу ауданында жұмыс сапарымен болды.
Ауданның Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің акт залында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларына, есепшілеріне және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі облыстық семинар өтті.
Семинарда «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты. Зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын бұзу», «Білім беру ұйымының лаборанты. Ауылдық жерде жұмыс істегені үшін қосымша ақы» тақырыптары қарастырылды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Баймбетова, құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.Храмова және маман Р.Сүлейменовтер сөз сөйлеп, өзекті тақырыптар төңірегінде ақпараттар берді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты құқықтық түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Күннің екінші жартысында облыстық ұйым мамандары Бейнеу ауданындағы білім беру ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелерін оқытудың бірінші кезеңін өткізді. Семинар тақырыбы – «Білім беру ұйымында келісу комиссиясын құру. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі».
Оқыту барысында Бейнеу ауданындағы келісу комиссияларының мүшелері Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Баймбетоваға өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Семинардан кейін облыстық кәсіподақ ұйымының мамандары Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімі басшысы, әлеуметтік әріптес Шохан Джаулыевпен кездесті. Кездесулер мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-