ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ҰЖЫМ ҚҰРМЕТІ
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған аудандық Оқушылар үйінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ардақты әріптесіміз Баймұратова Шәркүл Нұралықызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.
Ұстаздық жолында талай шәкірттің жүрегіне білім нәрін сеуіп, әріптестеріне үлгі болған қадірлі жанға ұжым атынан шынайы алғыс білдірілді. Ерен еңбегі мен кәсібіне деген адалдығы, адамгершілігі мен мейірімі әрдайым көпшілікке өнеге болып қала береді.
Ардақты ұстазға әріптестері ақжарма тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.