БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ҮШІН
Бүгін, 1 маусымда, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының жоспарына сәйкес, Түрксіб аудандық «Ұстаз» кәсіподағының филиалының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты балалық үшін!» атты акция өткізілді.
Аталған акция аясында балалар арасында 22–30 мамыр аралығында өздері салған суреттер байқауы ұйымдастырылып, оған 58 бала қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 18 бала жүлделі орындарға ие болып, кәсіподақ сыйлықтарымен марапатталды.
Акцияның басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланып, үздік суреттер арнайы марапаттарға ие болды.
«Ұстаз» кәсіподағы
-
Фотографии
-