БҮЛДІРШІНДЕР БАҚ СЫНАДЫ
Алматы қаласының Медеу ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біз бақытты балалық үшін» акциясы аясында жасанды интеллект көмегімен «Менің сандық үй жануарым» тақырыбында аудандық байқау ұйымдастырылды.
Қашықтықтан өткен байқауға педагог-кәсіподақ мүшелерінің балалары - 15 бүлдіршін қатысты. Байқауда балалар қиялының шексіз екенін, цифрлық сервистердің, оның ішінде жасанды интеллектіні жақсы меңгергендерін көрсетті.
Әділқазылар жұмысының қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
I орын - №12 мектеп гимназиянан Айсана Рахымбек - 7 жас
II-орын - №96 бөбекжай балабақшасынан Әдия Ерлан - 5 жас, №96 бөбекжай балабақшасынан Раяна Санчирова - 9 жас, №220 мектептен Арслан Серікбай -11 жас.
III орын - №12 мектеп-гимназиясынан Мұстафа Берліғожа - 10 жас, №96 бөбекжай балабақшасынан Алуа Манап - 15 жас, №96 бөбекжай балабақшасынан Софья Семина - 12 жас,
№96 бөбекжай балабақшасынан Әлия Жеңіс - 10 жас,
№96 бөбекжай балабақшасынан Зере Алтынбек - 9 жас.
Қатысушылар кәсіподақ атынан мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Ұстаз» кәсіподағы
-
Фотографии
-