ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ҒҰМЫР
Жас ұрпақтың санасына білім нәрін сеуіп, еңбекті өмірінің басты қағидасына айналдырған жандар қай қоғамда да құрметке лайық. Дәл осындай нағыз еңбек адамы, ұлағатты ұстаз — Баешева Құралай Сидағалиқызы.
Баешева Құралай Сидағалиқызы – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған білікті ұстаз. Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтында білім алып, математика пәні мұғалімі мамандығын игерді. 1994 жылдан бастап Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №87 орта мектепте еңбек етіп келеді. 2004 жылдан бері математика пәнінен шәкірт тәрбиелеп, білім сапасын арттыруға зор үлес қосуда.
2008–2013 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, оқу-тәрбие жұмысының дамуына елеулі үлес қосты. Оның оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейін көтеріп келеді.
Құралай Сидағалиқызы – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі педагог. Ол тек ұстаз ғана емес, үлгілі келін, аяулы ана, ардақты әже ретінде де айналасына сыйлы. Оның өмір жолы – еңбекқорлықтың, білімге адалдықтың және адамгершіліктің жарқын үлгісі.
Қызылорда облыстық ұйымы