ЕҢБЕК АДАМЫ
Салықбаева Алтынкүл Тілеубайқызы – адал еңбегімен ұжым арасында сый-құрметке ие болып жүрген еңбек адамы.
Ол Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылындағы №203 орта мектепте 18 жылдан бері шаруашылық меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.
«Еңбек адамды ардақтайды» дейді дана халқымыз. Алтынкүл Тілеубайқызы – осы сөздің шынайы мәнін ісімен дәлелдеп жүрген жан. Өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі мен төзімділігі кез келген адамға үлгі боларлық қасиет. Көпжылдық еңбегі мен кәсіби тәжірибесінің арқасында ол әріптестері арасында зор құрметке ие.
Мектептің шаруашылық меңгерушісі – білім ордасының қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, тазалығы мен тәртібін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қадағалайтын маңызды қызмет иесі. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек.
Алтынкүл Тілеубайқызының әр күні тынымсыз еңбекпен өтеді. Ол өз жұмысына ұқыптылықпен қарап, әр тапсырманы жоғары жауапкершілікпен орындайды. Көзге бірден көріне бермейтін, бірақ мектеп өмірінде аса маңызды орын алатын еңбегі ұжым тарапынан әрдайым жоғары бағаланады.
Осындай қажырлы еңбегі үшін Алтынкүл Тілеубайқызына шынайы алғысымызды білдіреміз.