КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫ
📂Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен «Кәсіподақ көшбасшылығы: цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында оқу семинары өтті. Іс-шараға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып, қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кәсіподақ жұмысында тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
📎Семинар барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдары таныстырылды. «Кәсіподақ жұмысында ЖИ платформаларын қолдану» тақырыбында Майра Қалниязова баяндама жасап, цифрлық платформалардың ақпарат алмасу, жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарындағы артықшылықтарына тоқталды. Ал, Асыл Қасымова «Кәсіподақ құжаттарын дайындаудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеп, құжаттарды әзірлеу барысында заманауи технологияларды қолданудың тиімділігін көрсетті.
📑Семинардың тағы бір маңызды бөлімі «Білім беру саласындағы ЖИ мүмкіндіктері» тақырыбында өтті. Индира Жауғаштина білім беру үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, оның педагогтардың кәсіби қызметін жетілдірудегі рөліне тоқталды.
✅Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, цифрлық сауаттылықты арттыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіподақ қызметінде тиімді қолдану бағытында пайдалы ақпарат алды.
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы