РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА ҮЗДІК АТАНДЫ
🔲Абай облысының Семей қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында құрылыс саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Аталған додада еліміздің әр өңірінен жиналған тәжірибелі мамандар өздерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сынға салды.
📜Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ғанибек Әбдулямитов жоғары нәтижеге қол жеткізіп, І орын иегері атанды. Бұл оның кәсіби даярлығы мен тәжірибесінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
📝Сонымен қатар, Қобда көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері Авкей Монголхан мен Жайсаң көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері Ерлан Түгізбаев байқауда белсенділік танытып, Алғыс хатпен марапатталды.
🔰Бұл жетістіктер Ақтөбе өңіріндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ педагогтардың кәсіби әлеуеті мен ізденісінің жоғары екенін айқын дәлелдейді.
🖇️Ақтөбелік әріптестеріміздің бұл табысы – еңбек пен тәжірибенің, үздіксіз ізденістің нәтижесі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-