ҮЗДІК ҮШТІКТЕ АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГ
Жуырда Бурабай өңірінің Щучинск қаласында орналасқан Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің базасында «Қоршаған орта. Орман шаруашылығы» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Еліміздің әр өңірінен келген білікті педагогтар қатысқан байқауда Ақтөбе облысының намысын Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, кәсіподақ мүшесі Динара Тауасова қорғады.
Байқау барысында қатысушылар кәсіби құзыреттіліктерін, педагогикалық шеберліктері мен тәжірибелік дағдыларын жан-жақты көрсетті. Нәтижесінде Динара Тауасова жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – педагогтың кәсіби еңбегінің, үздіксіз ізденісінің және колледж ұжымының сапалы білім беру бағытындағы жүйелі жұмысының жемісі.
Динара Тауасованы айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы қызметіне толағай табыс пен жаңа белестер тілейміз!