ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ЖАРҚЫН ӨКІЛДЕРІ
Алдағы күндері Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшелерін таныстыруға арналған арнайы ақпараттық айдар жарияланады.
Айдар аясында білім және ғылым саласында еңбек етіп жүрген, жастар саясатын дамытуға үлес қосып келе жатқан жас көшбасшылардың қызметі, жетістіктері мен бастамалары туралы ақпарат беріледі.
Кеңес мүшелері өз өңірлерінде кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғауға, жастардың кәсіби және шығармашылық дамуын қолдауға, сондай-ақ мәдени-көпшілік, спорттық және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысып келеді.
Жарияланымдар арқылы Ақтөбе облыстық ұйымының Жастар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің жұмысы, сондай-ақ өңірлердегі игі бастамаларымен жақынырақ таныса аласыздар.
Белсенді жастардың жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстары назарларыңызға ұсынылады.