КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ОЙЫЛДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барып, білім беру ұйымдарының ұжымдарымен мазмұнды кездесу өткізді. Атап айтқанда, Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі мен «Балдаурен» бөбекжай-бақшасының қызметкерлерімен ашық форматтағы жүздесулер ұйымдастырылды.
Сапар барысында білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізіліп, еңбек заңнамасының сақталу барысы мен қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарына қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар ұжымдармен ашық форматтағы кездесулер өткізіліп, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берілді. Кездесу аясында еңбек демалысын рәсімдеу тәртібі мен еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер түсіндірілді.
Жиын барысында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова кәсіподақтың қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөліне тоқталып, әлеуметтік әріптестікті нығайтудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар облыстық ұйымның заңгерлері Нұрлан Жетпісбай мен Лаура Әмірова еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер, қызметкерлердің құқықтық кепілдіктері, еңбек демалысын рәсімдеу тәртібі және еңбек қатынастарына қатысты өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Жиын барысында қатысушылар өзекті сұрақтарын ортаға салып, мамандардан құқықтық тұрғыда жан-жақты жауап алды.
-
Фотографии
-