ЕҢБЕК ПЕН ІЗДЕНІСТІҢ ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕСІ
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы «№8 Тұлпар» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Әсемгүл Мәлікқызы Егізбаева Астана қаласында өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2026» республикалық байқауының қорытынды кезеңінде жоғары кәсіби шеберлігі мен жаңашыл педагогикалық тәжірибесін танытып,«Бас жүлдені» жеңіп алды.
Республиканың түкпір-түкпірінен келген үздік педагогтер бақ сынаған беделді байқауда Әсемгүл Егізбаева өз ісіне деген жауапкершілігін, шығармашылық ізденісін және мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибесін жоғары деңгейде көрсете білді. Оның кәсіби біліктілігі мен балаларды тәрбиелеудегі жаңашыл көзқарасы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл жеңіс тек педагогтың жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Хромтау ауданының білім саласы үшін зор мақтаныш.
Осы айтулы жетістігімен Әсемгүл Мәлікқызын шын жүректен құттықтаймыз! Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегіңіз жемісті болып, жаңа белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!