ДЕНСАУЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен бір топ кәсіподақ мүшесі Сарыағаш өңіріндегі шипажайда ем алып, денсаулықтарын нығайтып қайтты.
Шипажайда демалушылар емдік-сауықтыру шараларынан өтіп, дәрігерлердің кеңесіне сәйкес түрлі ем қабылдап, сапалы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік алды.
Білім беру саласында еңбек ететін қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан кәсіподақ ұйымы мүшелердің әлеуметтік қорғалуына, еңбек жағдайының жақсаруына және сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөліп келеді.
Айта кетейік, алдағы күндері тағы бір топ кәсіподақ мүшесінің Сарыағаш өңіріндегі шипажайға жол жүруі жоспарланған. Сонымен қатар Алға қаласындағы «Шипагер» шипажайында да кәсіподақ мүшелерінің ем алып, тынығуына мүмкіндік жасалмақ.
Кәсіподақ тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау білім қызметкерлерінің денсаулығын нығайтып, сапалы демалуына жағдай жасаумен қатар, олардың әлеуметтік қорғалуына деген тұрақты қамқорлықтың нақты көрінісі болып табылады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-