ЫСТЫҚКӨЛ ДЕМАЛЫСЫ БАСТАЛДЫ!
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы биыл да кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерінің жазғы сауықтыру демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыруда.
Маусым айында жүздеген білім қызметкері Алакөл жағалауында тынығып қайтса, шілде айының басталуымен алғашқы топ Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөлге жол тартты. Биыл барлығы 1100 кәсіподақ мүшесі мен олардың отбасы өкілін сауықтыру жоспарланған.
Алғашқы кезеңде Тараз қаласы, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының 250-ге жуық білім қызметкері «Евразия» демалыс орталығына орналасты. Демалушылар жаңа пансионаттағы жайлы жағдайға, сапалы қызмет көрсетуге және ұйымдастыру жұмысына жоғары баға беруде.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков алғашқы топты арнайы шығарып салып, кәсіподақ мүшелеріне көтеріңкі көңіл күй, жайлы демалыс және зор денсаулық тіледі.
Демалушылардың айтуынша, мұндай туристік сапарлар ұстаздардың жаңа оқу жылы қарсаңында күш-қуатын толықтырып, сергіп қайтуына үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы – кәсіподақтың қамқорлығының арқасында сапалы демалыс қолжетімді болып отыр.
Кәсіподақ – еңбек адамының сенімді серігі!
Ұстаздарға – сапалы демалыс, көтеріңкі көңіл күй және жаңа оқу жылына тың серпін!
--
Жамбыл облыстық ұйымы