КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ
✳️Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен жазғы демалыс кезеңінде университет қызметкерлері шипажайлық емдеу-сауықтыру бағдарламаларымен қамтылуда. Биыл да бірқатар қызметкерлер Сарыағаш өңіріндегі және Алға қаласындағы шипажайларда ем алып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
🧩Шипажайларда демалушылар дәрігерлердің бақылауымен емдік-сауықтыру шараларынан өтіп, түрлі физиотерапиялық ем-дом, минералды су, емдік ванна, массаж және басқа да сауықтыру қызметтерін пайдаланады. Мұндай кешенді емдеу шаралары денсаулықты жақсартуға, сергектік сыйлап, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
🔹Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың денсаулығын сақтауға және еңбек ұжымындағы қолайлы әлеуметтік ахуалды нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шипажайларға жолдама беру – осы бағыттағы игі дәстүрлердің бірі.
🔸Алдағы уақытта да университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік қолдауын күшейтуге бағытталған осындай игі жобаларды жалғастыра бермек…
--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-