“Кәсіподақ әрекет етуде”
“Кәсіподақ әрекет етуде”акциясы аясында “Балбөбек”бөбекжай-балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рустамова Бибигуль Илесовнамен СҰХБАТ
“КӘСІПОДАҚ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ”акциясы аясында кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттап,оның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандардың бірі-Түркістан облысының Шардара қаласындағы “Балбөбек” бөбекжай-балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рустамова Бибигуль Илесовна.
Б.Рустамова еңбек жолын 2011 жылы осы ұйымда тәрбиеші болып бастап,қазіргі күні аға тәрбиеші болып қызмет атқарады. Өз саласында ұзақ жыл қажырлы еңбек етіп,кәсіподақ жұмысына белсенді араласып келе жатқан Бибигуль Илесовнамен бізде келелі сұхбат жүргіздік.
Сұхбат барысында ол өзінің бала кезгі арманы педагогика саласында үздіксіз,жемісті еңбек етіп келе жатқандығын айтты.
Еліміздің болашағы балаларға сапалы білім,саналы тәрбие берудегі атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы ой бөлісті. 2022жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау мен ынталандыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатындағы”Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік педагогы” аудандық байқауында 1-орынды жеңіп алса,сол жылы онлайн түрінде өткен “Үздік педагог” байқауыныңда 1-орын иегері атанып,арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Бұдан тысқары,”Біз қауіпсіз әлем үшін” тақырыбы аясында өткізілген іс-шарасы да аудандық білім бөлімінің тарапынан жоғары бағаланып,алғыс хатқа ие болды. Кейінгі жылдары өзінің негізгі жұмысымен қатар әр алуан қоғамдық жұмыстарға,оның ішінде кәсіподақ жұмысына да белсенді араласа бастады. Ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ерекше көңіл бөлді.
Ұжым мүшелері мен әкімшілік арасындағы өзара түсіністік пен қолдауға және бірлікке қол жеткізді.Кәсіподақтың ұжымда өткізілетін әр алуан іс-шараларына бастамашылығы мен қолдауын қалыптастырды.
Осындай жұмыстары мен қоғамдық белсенділігі үшін 2025 жылы салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының Құрмет Грамотасымен,биылғы жылы осы ұйымның |||- есеп беру-сайлау конференциясына делегат болып қатысып,Қазақстандық Оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Құрмет Грамотасымен марапатталды.Бұл өз кезегінде Б.Рустамованың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен қоғамдық белсенділігінің бір айғағы және бүгінгі еңбек адамының шынайы үлгісі деп білеміз.
Сұхбат соңында ол кісі “Кәсіподақ-еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін ғана қорғайтын ұйым емес, ол әділдіктің сақталынуына да ықпал ететін,ұжымдағы ынтымақ пен бірлікті қамтамасыз ететін маңызды қоғамдық ұйым”- деп атап өтті. Бізде өз кезегінде,осы жоба аясында осындай әріптестеріміздің өмір және еңбек жолдарындағы қоғамдық белсенділіктерін танып,дәріптеу және сол арқылы еңбек адамдары мен кәсіподақ құндылықтарын насихаттауды алдағы уақыттарда жалғастыратын боламыз. Ал әзірше,әріптесіміз Бибигуль Илесовнаға қызығы мен қиындығы мол мына жұмыстарында толағай табыстар тілеп,кәсіподақ қозғалысын дамытуға одан әрі үлес қоса береді деп сенім білдіреміз.
Сұхбаттасқан, Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Нұрымбет