КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiподағы толыққанды демалуға және сауықтыруға мүмкiндiк туғыза отырып, өз мүшелерiнiң денсаулығын нығайтуға ерекше назар аударады.
13 шілдеден бастап СҚО Айыртау ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағының19 мүшесінен тұратын кезекті топ шипажайлық-курорттық сауықтыруға аттанды.
Бұл жолы демалыс пен денсаулықты қалпына келтіру «Көктерек», «Сосновый бор» және «Салма Караван» шипажайларында өткізіледі.
Бұл шипажайлардың әрқайсысы демалуға қолайлы жағдайлар, заманауи сауықтыру шараларын, емдік бағдарламалар, таза ауа және көркем табиғат ұсынады.
Мұндай демалыс денсаулықты нығайтып, қалпына келтіруге, эмоциялық шиеленісті азайтуға және түрлі аурулардың алдын алуға ықпал етеді.
Әріптестерімізге жағымды демалыс, мықты денсаулық, жақсы көңіл-күй, жарқын әсерлер мен жаңа күш-жігер тілейміз!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы