ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ТЫҢ СЕРПІН
Жаз мезгілін тиімді өткізу – жаңа оқу жылына тың күшпен оралудың бір жолы. Осы мақсатта Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бір топ білім қызметкері Сарыағаш өңіріндегі және Алға қаласындағы шипажайларда ем алып, тынығып қайтты.
Шипажайларда демалушылар сауықтыру шараларынан өтіп, емдік процедуралар қабылдады. Табиғат аясындағы тынығу мен шипалы ем олардың денсаулығын нығайтып, күнделікті қарбаластан бір сәт серпілуіне мүмкіндік берді.
Сонымен қатар тағы бір топ білім қызметкері Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасады. Сапар барысында олар Бурабайдың көрікті табиғатын тамашалап, өңірдің тарихи орындары мен мәдени нысандарын аралады. Ел тарихымен танысып, туған жердің көркем келбетін жақыннан көру қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
-
Фотографии
-