АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙ БАСТАУЫ
10 тамыз – Абай күніне орай Кәсіподақтар федерациясы бастамашы болған #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы жалғасуда.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының:
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей…» деген өсиеті – адал еңбек пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным еткен әрбір еңбек адамына арналған мәңгілік тағылым.
Эстафета аясында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Саймов Саламат Мақсотұлы Абайдың асыл мұрасын дәріптеп, жыр жолдарын оқып, республикалық челленджге өз үлесін қосуда. https://www.facebook.com/reel/2211163623038857
Еске сала кетейік, жыр эстафетасы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің тарапынан ресми түрде бастау алған болатын.
Адал еңбек – абырой бастауы, еңбек адамы – қоғам мақтанышы.