АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
Абай күні қарсаңында Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен қолға алынған #АбайЖәнеЕңбекАдамы республикалық жыр эстафетасы өз жалғасын табуда.
Ұлттың рухани ұстазы Абай Құнанбайұлының шығармашылығы – адамды талапқа, еңбекке, білімге, адалдық пен жауапкершілікке үндейтін сарқылмас қазына. Ақынның «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген тағылымды сөзі бүгінгі еңбек адамы үшін де өз мәнін жойған жоқ.
Осы игі бастаманы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Белшер негізгі орта мектебінің мектепалды даярлық сынып мұғалімі, кәсіподақ мүшесі Баубекова Индира Батиханқызы жалғап, Абайдың өнегелі өлеңдерін оқып, ақын мұрасын ұлықтауға өз үлесін қосты. https://www.facebook.com/reel/1007623922094374
Абайдың әрбір сөзі – ұрпаққа бағыт-бағдар, әрбір өсиеті – өмірге сабақ. Ақын аманатын ардақтау – рухани құндылықтарымызды дәріптеп, еңбекке құрметті арттырудың жарқын көрінісі.
Жыр эстафетасы – Абай мұрасын кеңінен насихаттап, еңбек адамының қадір-қасиетін дәріптейтін тағылымды бастама.
Абай сөзі – халықпен бірге жасайтын ұлы мұра.