«ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР»
Осындай тақырыпта Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесінің жоспарына сәйкес Ақтолағайдың ажарлы жоталары аясында этно-тимбилдинг сайысы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – білім саласында қызмет етіп жүрген жастар арасындағы ынтымақтастық пен өзара байланысты нығайту, командалық рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және белсенді өмір салтын насихаттау.
Табиғаты көркем Ақтолағай өңірінде өткен сайысқа жастардан құралған 4 команда қатысты. Қатысушылар түрлі командалық тапсырмаларды орындау барысында өздерінің ұйымшылдығы мен шапшаңдығын, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұлттық салт-дәстүр мен этнотанымдық бағытты ұштастырған сайыс жастарға ерекше әсер сыйлап, өзара достық пен бірлікті нығайтуға мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталды. Ал, кәсіподақ ұйымы тарапынан Бас жүлдеге ие болған командаға тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табысталды.
«Жаңа белестегі жастар» этно-тимбилдинг сайысы жастардың басын қосып, олардың достығы мен бірлігін нығайтқан, ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған тағылымды кездесу болды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы