ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Атқару комитетінің 9 қыркүйекте өткен отырысында еңбек ұжымдарының мүддесін қорғау, әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және кәсіподақ жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Отырыста салалық келісім мен ұжымдық шарттардың орындалу барысы қаралып, кәсіподақ қозғалысының бірлігі мен сабақтастығын нығайтуға баса назар аударылды.
Облыстық кәсіподақ қатарына жаңадан қосылған бастауыш ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізіліп, оларды ортақ мақсаттар төңірегіне топтастыруға басымдық берілуде. Әрбір жаңа ұйым қозғалыс қатарын толықтыратын жаңа күш ретінде қаралып, олардың қызметін үйлестіру, тәжірибе бөлісу және әлеуметтік әріптестік тетіктерін тиімді пайдалану міндеттері айқындалды.
Кәсіподақ тек мүшелікке біріктіретін ұйым емес, ол еңбек адамының жанынан табылатын үлкен әлеуметтік серіктестік алаңы болып табылады. Жаңадан қосылған бастауыш ұйымдарды ортақ жобаларға белсенді қатыстыру арқылы кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін қолдау мен қызмет сапасын арттыру көзделіп отыр.
Отырыста 2026 жылғы жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындылары кеңінен сараланып, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру бағытындағы атқарылған жұмыстарға баға берілді. Болашақта сауықтыру мүмкіндіктерін кеңейту, демалыс орындарының сапасын арттыру және бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Маңызды бағыттардың бірі – кәсіподақ мүшелерін ынталандыру және еңбегін лайықты бағалау мәселесі болды. Осыған орай Түркістан облыстық кәсіподағының марапаттау квотасы бекітіліп, алдағы «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай білім беру саласының қызметкерлерін марапаттау мәселесі қаралды.
Еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және ұйымның тұрақты дамуын қамтамасыз ету Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының басты басымдықтары болып қала береді, бұл ретте отырыста тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары белгіленді.
Түркістан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-