ҰЖЫМ ҮНІ - КӘСІПОДАҚ КҮШІ
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Солдатово орта мектебінде маңызды қоғамдық-әлеуметтік шара ұйымдастырылды. Мектеп қабырғасында кәсіподақ ұйымының кезекті отырысы өтіп, онда ұжым мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мүдделерін қорғауға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын барысында жаңадан сайланған кәсіподақ комитетінің құрамы өз жұмысын жан-жақты талқылап, алдағы кезеңге арналған нақты жоспарларын бекітті. Атап айтқанда: мұғалімдер мен қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ұжым мүшелерінің денсаулығын нығайту, демалыстарын ұйымдастыру және мерекелік шараларға қолдау көрсету. Ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттырып, бастамаларына қолдау білдіру.
Жаңа құрам алдағы уақытта мектеп ұжымының бірлігін нығайтып, әрбір қызметкердің мүддесін қорғау жолында белсенді жұмыс істейтінін жеткізді.
Кез келген ұйымның немесе мекеменің өркендеуі, ең алдымен, сол жердегі қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы мен құқықтық қорғалуына тікелей байланысты. Осындай маңызды міндеттерді атқаратын қоғамдық институттардың бірі — кәсіподақ ұйымы.
Кәсіподақ — бұл тек қағаз жүзіндегі ұйым емес, әрбір жұмыскердің қиын сәтте арқа сүйер сенімді тірегі.
Үлкен Нарын аудандық кәсіподақ ұйымы
Шығыс Қазақстан облысы