КӘСІПОДАҚ ФИЛИАЛЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
16 қыркүйекте Ақтөбе облысы Төлеби аудандық кәсіподақ филиалында Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасы Е. Майлыбаев жетекшілік етті. Отырыста жаңа оқу жылының басталуына байланысты кәсіподақ ұйымдарының алдағы кезеңдегі қызметінің басым бағыттары айқындалып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты өзекті мәселелер кеңінен қаралды.
Күн тәртібіне салалық келісім мен ұжымдық шарттардың орындалу барысы, 2026 жылғы жазғы сауықтыру жұмыстарының қорытындысы және Мұғалімдер күні мерекесіне орай кәсіподақ мүшелерін марапаттау мәселелері енгізілді.
Отырыста салалық келісім мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуы басты назарда болды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттарын нығайту, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, педагогтер мен білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар 2026 жылғы жазғы сауықтыру науқанының нәтижелері сараланып, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының демалысын ұйымдастыру, сауықтыру шараларының қолжетімділігін арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Жиын барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелерімен кері байланысты күшейту, еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың шешілуіне ықпал ету бойынша алдағы міндеттер белгіленді.
Сондай-ақ «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысып, сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауға үлес қосқан бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттау мәселесі қаралды. Атқару комитеті отырысында көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар айқындалды.
Кәсіподақтың басты мақсаты – еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және әрбір кәсіподақ мүшесіне қолдау көрсету бағытындағы жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фотографии
-