ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Сайранов пен аудандық білім бөлімінің шаруашылық тобының меңгерушісі А.Хамитов «Ломоносов М.В. атындағы орта мектеп» КММ қамту қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді.
Жиынға мектеп директоры Г. Масалимова мен мектептегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж. Тастағанова қатысты.
Кездесу барысында мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына арнайы мамандандырылған жұмысшылардың орнына техникалық қамту қызметкерлерінің тартылғаны белгілі болды. Кәсіподақ төрағасы бұл жағдайдың еңбек заңнамасына қайшы екенін атап өтіп, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерге заңнама талаптары бойынша түсініктеме берді.
Басқосуда қамту қызметкерлері өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, кәсіподақ өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Жиналыс соңында Қ.Сайранов аудандық кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жүйелі жұмысын саралап, қызметкерлерге көрсетіліп жатқан құқықтық әрі материалдық қолдауға тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-