ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
18 қыркүйекте Жамбыл ауданында «Кәсіподақ ұйымының тиімді жұмысы: қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және қаржылық тәртіп» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қызметкерлердң әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ ұйымдарының тиімді қызметі, мүшелік кәсіподақ жарналарын бөлу және жұмсау, қаржылық тәртіпті сақтау мәселелерін, сондай-ақ кәсіподақ қызметіне қатысты басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені олар практикалық тәжірибе алмасуға, туындаған мәселелердің тиімді шешімдерін табуға және кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Семинар аясында көпжылдық адал еңбегі және кәсіподақ жүйесіндегі белсенді қоғамдық жұмысы үшін грамотамен марапатталған Пресноредут жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Тұрлыбаев:
- Бұл марапат мен үшін тек жеке еңбегімнің бағалануы ғана емес, сонымен қатар ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Мектеп ұжымына, кәсіподақ ұйымымыздың барлық мүшелеріне белсенділіктері, қолдаулары және бірлескен жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіремін, - дейді.
Тек ауызбіршілік, өзара түсіністік және ұжымның жағдайын жақсартуға деген ортақ ұмтылыстың арқасында кәсіподақ жұмысы нақты нәтиже береді!
СҚО ұйымы
-
Фотографии
-