ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында еңбек адамының еңбегін дәріптеу, кәсіби мамандардың жетістігін көрсету және жастардың кәсіподақ қозғалысындағы белсенділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Меркі аудандық комитеті жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Аудандағы білім беру ұйымдарында еңбек жолын енді бастаған жас педагогтар кәсіби ізденістерімен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Солардың бірі – Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының жас ұстаздары.
Жас педагогтар оқушыларға сапалы білім берумен қатар, кәсіподақтың мәдени-көпшілік және әлеуметтік іс-шараларына, еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарға, жастар бастамаларына белсенді қатысып келеді. Олардың тың идеялары мен бастамалары кәсіподақ ұйымының жұмысын жаңғыртып, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етуде.
Жас ұстаз үшін кәсіподақ тек еңбек құқықтарын қорғайтын ұйым ғана емес. Кәсіподақ дегеніміз әріптестермен тәжірибе алмасуға, кәсіби және шығармашылық қабілетті дамытуға, өз бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта. Бүгінгі жас маман – ертеңгі кәсіподақ көшбасшысы.
Меркі аудандық комитеті, Жамбыл облысы