ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА КӘСІПОДАҚТЫҢ КЕЗЕКТІ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлері жергілікті кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған алқалы жиынға Атқару комитетінің мүшелері, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Жиын барысында сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, жазғы демалыс пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру, кәсіподақ активін оқыту және алдағы жоспарлы іс-шараларға әзірлік сияқты өзекті 9 мәселе қаралып, нәтижесінде маңызды шешімдер қабылданды.Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселелер ретінде аудандық ұйымдардағы әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақ мүшелерін есепке алудың жай-күйі сөз болды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде аудандық ұйымдардағы әлеуметтік әріптестіктің жай-күйі мен кәсіподақ мүшелерін есепке алу жүйесі сөз болды:
Кәсіподақ ұйымдарындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Бірыңғай ұжымдық шарттың орындалу барысы жан-жақты сарапталды. Осы орайда Ұлан аудандық ұйымының төрағасы Г.Қабдрахманова мен Шемонаиха аудандық ұйымының төрағасы И.Дорина атқарылған істер жөнінде баяндады. Сонымен қатар Шемонаиха ауданындағы кәсіподақ мүшелерін есепке алу жұмыстары егжей-тегжейлі қаралды. Мәселелер бойынша жауапты баяндамашы И.Соколов атқарылған жұмыстарға сараптамалық талдау жасап, саланы одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарын білдірді.
А.Мусина басқаратын Глубокое аудандық кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесін кешенді зерделеу нәтижелері ұсынылды. Баяндамашы А.Қонакбаева жергілікті жердегі оң тәжірибелер мен жетістіктерге тоқталып, жұмыс сапасын арттырудың басым бағыттарын айқындап берді.
Еңбеккерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын арттыру және денсаулығын нығайту — кәсіподақ ұйымы қызметінің басты басымдығы. Осы орайда, 2026 жылғы кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру қорытындыланды.
Аталған бағыт бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының маманы Н.Базилева баяндама жасаса, қосымша баяндамашылар Г.Қабдрахманова (Ұлан ауданы) мен Ю.Коновалова (Алтай ауданы) өз өңірлеріндегі жазғы демалысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен бірге жиында ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыстарға да ерекше назар аударылды.
Облыстық және аудандық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру шаралары сарапталды (жауапты — А.Конакбаева, қосымша баяндамашы — Күршім аудандық ұйымынан Г.Мукушева).
Кәсіподақ активінің резервтік құрамын қалыптастыру, оларды даярлау және тиімді жұмыс жүргізу жағдайы пысықталды (жауапты — Е.Крупко).
Атқару комитетінің отырысында белсенді мүшелерді марапаттау, ынталандыру және ақпараттық-баспа өнімдерін шығару сияқты ұйымдастырушылық мәселелері де оң шешімін тапты.
Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, орындалуы міндетті нақты тапсырмалар жүктелді. Жылдық жоспарға сәйкес кешенді тексеру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Келесі кезеңде Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымының қызметі тексеріліп, зерделенетін болады.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы