ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
Мектептің бастауыш сынып мұғалімі – саналы ғұмырын бала тәрбиесі мен білім беру ісіне арнап келе жатқан тәжірибелі ұстаз.
Ұзақ жылдар бойы мектепте абыройлы еңбек етіп, талай шәкірттің білім жолындағы алғашқы қадамын нық басуына зор үлес қосты. Өз ісіне деген жауапкершілігі, шәкірттеріне деген мейірімі мен ұстаздық шеберлігі арқылы әріптестері мен ата-аналардың құрметіне бөленіп келеді. Сонымен қатар Гүлзира Ағыбайқызы мектепте өткізілетін көптеген іс-шаралардың қатысушысы, кәсіподақтың белсенді мүшелерінің бірі.
Ұстаздың білім беру саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі жоғары бағаланып, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бұл оның білім саласына қосқан елеулі үлесі мен ұстаздық жолдағы қажырлы еңбегінің айқын көрінісі.
Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, жас ұрпақтың қалыптасуына зор үлес қосып жүрген ұстазымыз – мектебіміздің мақтанышы, кейінгі буынға үлгі тұтар тұлға.
Ұстаздың еңбегі – шәкіртінің жетістігінде, ал өнегелі жолы – ұрпақ жадында!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы