«МЕРГЕН СҰЛТАН - 2026» САЙЫСЫ
Қыркүйек айының 28-і күні Мұнайлы ауданы №21 жалпы білім беретін мектептің спорт залында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы-оқытушылар арасында аудандық «Мерген сұлтан - 2026» сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: мұғалімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру, елжандылық сезімдерін қалыптастыру және мерген спортшыларды іріктеу, мереке қарсаңында ұстаздарды ынталандыру.
Сайысқа Қызылтөбе лицейі, №13 мектеп-гимназиясы және №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,14,15,16,17,18,19,20,21 жалпы білім беретін мектептерден бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы - оқытушылар қатысты.
Сайыстың қорытынды нәтижесі бойынша:
І орын: №5,11 жалпы білім беретін мектебінің бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы - оқытушылары;
ІІ орын: №13 мектеп-гимназиясы мен №21 жалпы білім беретін мектебінің бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы - оқытушылары;
ІІІ орын: №6,18 жалпы білім беретін мектебінің бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы - оқытушылары ие болды.
Орын алған бастапқы әскери даярлық пәнін ұйымдастырушы – оқытушылары білім бөлімінің дипломдарымен және аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы филиалы
-
Фотографии
-