ЕҢБЕК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ
Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні. Бұл мереке 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленіп, жыл сайын елімізде еңбек адамының қоғамдағы орны мен рөлін дәріптеуге арналған маңызды дата ретінде кеңінен аталып жүр.
Мерекенің негізгі мақсаты – түрлі саладағы жұмысшылардың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесін дәріптеу және еңбек мәдениетін қалыптастыру. Бұл күн – жастарды еңбекқорлыққа баулып, кәсіби біліктілікті арттырудың, сондай-ақ еңбек адамының мәртебесін көтерудің ерекше белгісі.
25 қыркүйек күні Еңбек күніне орай Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіподағында Алатау аудандық филиалының төрағаларымен Zoom платформасында онлайн конференция өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбектің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызын насихаттау, еңбек адамын құрметтеу, адал еңбек пен жауапкершіліктің құндылығын дәріптеу.
Конференция барысында қатысушылар еңбек пен кәсіби қызметтің қоғам дамуындағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Әр мамандықтың өзіндік маңызы бар екені, ұстаздар еңбегінің жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі орны ерекше екені атап өтілді.
Кездесу барысында еңбекке байланысты өз ойларын айтып, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар еңбек адамын қолдау, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ жұмысының маңызы туралы ойлар ортаға салынды. Шара соңында қатысушылар бір-біріне еңбекте табыс, кәсіби жетістік, шығармашылық шабыт және зор денсаулық тіледі.
Еңбек – ел дамуының негізгі тірегі. Еңбекті бағалау, еңбек адамын құрметтеу – баршамызға ортақ міндет.
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы
-
Фотографии
-