ЖАС ТӘРБИЕШІ
Жәнібек Диана Жанболатқызы – ізденісі мен еңбегі арқылы өз биігін қалыптастырып келе жатқан жас тәрбиеші. Әр мамандықтың өзіне тән жауапкершілігі мен қадірі бар. Ал бала тәрбиесіне қатысты мамандықтың жүгі одан да ауыр. Себебі тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, оның бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін мейірімді жан.
Осындай жауапты да абыройлы жолды жүрек қалауымен таңдаған жас мамандардың бірі – Жәнібек Диана Жанболатқызы. Еңбек жолын 2025 жылы «Береке» балабақшасында тәрбиеші болып бастады. Бүгінде педагогикалық еңбек өтілі 2 жылға жуықтаған жас маман өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін күнделікті еңбегі арқылы көрсетіп келеді.
Диана үшін тәрбиеші болу – жай ғана жұмыс емес. Бұл – үлкен жауапкершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты және балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін ерекше мамандық. Ол өз мамандығын жақсы көретінін және атқарып жүрген жұмысын жоғары бағалайтынын айтады. Себебі бала тәрбиесіне үлес қосу, олардың әрбір жетістігіне қуану, кішкентай жүректеріне жол табу – ол үшін үлкен бақыт.
«Тәрбиеші болу – үлкен жауапкершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты және балаларға деген сүйіспеншілікті талап ететін мамандық», – деп түсінеді жас педагог өз кәсібінің мәнін. Жас маман өзінің кәсіби дамуына да ерекше көңіл бөледі. Ол білімін үнемі жетілдіріп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге, шығармашылық тұрғыдан ізденуге және заман талабына сай білікті педагог болуға ұмтылады. Балалармен жұмыс барысында жаңашылдыққа, шығармашылыққа және әр баланың жеке қабілетін ашуға мән береді.
Диана Жанболатқызының еңбек жолындағы алғашқы маңызды жетістіктерінің бірі – жас мамандар арасындағы байқауға қатысып, І орынға ие болуы. Бұл – оның педагогикалық ізденісінің, еңбексүйгіштігінің және өз мамандығына деген сенімінің нәтижесі.
Диана Жанболатқызы – кәсіподақ мүшесі, сонымен қатар кәсіподақ өміріне белсенді араласатын қызметкер. Ол ұжымдық іс-шараларға атсалысып, кәсіподақ мүшелері арасындағы қоғамдық, мәдени және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысады. Әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, ұйымшылдық пен өзара қолдауды жоғары бағалайды. Кәсіподақ өміріне белсенді араласуы – оның ұжымның қоғамдық өміріне бейжай қарамайтын, белсенді әрі жауапты жас маман екенін көрсетеді.
Жас маман үшін әрбір күн – жаңа мүмкіндік. Ол тәжірибелі әріптестерінен үйреніп, өз білімі мен тәжірибесін толықтырып, педагогикалық шеберлігін шыңдауды мақсат етеді. Өзінің алдағы уақыттағы кәсіби жолына үлкен сеніммен қарайды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы