БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Ұстаздар мен кәсіподақ өкілдерінің кәсіби мерекелері қарсаңында Ақтау қалалық білім бөлімі, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында Флорбол ( зал хоккей) жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Шара мақсаты: дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттау, өзара тәжірибе алмасу.
Аталған шараға 165 бөбекжай қызметкерлері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс барыснда нағыз ойыншылар да, олардың тактикалары, ойын әдістері ерекше көрінді. Бұл әрине бір саладағы қызметкерлер арасында бір-бірімен тәжірибе алмасу бағытында берер әсері мол екендігі анықталды.
3 күн бойы тартысты өткен додада жеңімпаз командалар анықталып марапатталды. 1-орын №16 «Бөбек» бөбекжайы командасы, 2-орын №17 «Күншуақ» бөбекжайы командасы, 3-орын №56 командалары иеленді.
Сондай-ақ ойын арасындағы ерекше ойыншыларда назардан тыс қалмады, мұндай тартымды шарада өз шеберліктерін көрсеткен ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік капитан»,. «Үздік сұрмерген», «Үздік команда» номинациларымен марапатталды.
Барлық команда жеңімпаздарына және үздік номинация иелеріне Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттаулар табысталды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы
-
Фотографии
-