МҰҒАЛЖАРДА БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ
🔰Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен білім саласында еңбек етіп жүрген жастардың басын қосқан ауқымды Жастар форумы өтті.
📜Аталған шара Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жариялаған Лайықты еңбек үшін бүкіләлемдік іс-қимыл күніне орай «Жас қызметкерлер болашақ үшін кәсіподақтарға бірігеді» ұранымен ұйымдастырылды.
🎯 Форумның басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасындағы ауызбіршілік пен әріптестік байланысты нығайту, жас мамандардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, оларға қолдау көрсету.
💫Шара барысында жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі спорттық жарыстар мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен шапшаңдығын көрсетіп қана қоймай, командалық бірлік мен белсенділігін көрсетті.
🖇️ Шара аясында жастар арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір бөлісті. Форумда ауданның белсенді жастары арнайы шақырылып, өз жетістіктері мен еңбек жолы туралы айтып, жастарға пайдалы кеңестерімен және жаңа идеяларымен бөлісті.
📄 Басқосу барысында жас мамандар үшін кәсіподақ ұйымының маңызы, еңбек саласындағы жастардың белсенділігі мен кәсіби дамуы жөнінде пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
📝Форум соңында Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмагүл Жұмабаева сөз сөйлеп, жас мамандардың білім саласының дамуына қосып жүрген үлестеріне тоқталды.
💫Кездесу қорытындысында ауданның үздік әрі белсенді жастары арнайы марапаттарға ие болды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы