ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ақтөбеде «Ақтөбе Digital Life 2026: өңірдің тұрақты дамуы жағдайындағы цифрлық трансформация және технологиялар трансфері» атты I халықаралық форум өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері, білім беру, өндіріс және бизнес салаларының 300-ге жуық өкілі, сондай-ақ Германия, Италия, Ұлыбританиядан келген сарапшылары қатысты.
Форумның басты назарында — өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдету, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу, адами капиталды дамыту және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері болды.
Іс-шара аясында «Digital Life Ақтөбе» өңірлік білім беру-өндірістік инновациялар және технологиялар трансфері кластері таныстырылды. Жаңа кластер білім беру ұйымдары, мемлекет, бизнес және өндіріс өкілдерінің өзара ықпалдастығын арттырып, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға және заманауи технологияларды өңірде тиімді енгізуге бағытталған.
Форум барысында халықаралық сарапшылар цифрлық экономика, жасанды интеллект, инновациялар, адами капитал және цифрлық трансформацияны басқару бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-