ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Алматы қаласында 7-қазанда Халықаралық еңбек ұйымы «Лайықты еңбек үшін бүкіләлемдік іс-қимыл күні» өткізілді.
«Ұстаз» кәсіподағының Түрксіб аудандық филиалы осы бастаманы қолдап кәсіподақ ұйымдарын «Жас кызметкерлер болашақ үшін кәсіподақтарға бірігеді» ұранымен Жас жұмысшы өміріндегі кәсіподақтың рөлі" тақырыбында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жастар қанатының өкілдеріне дөңгелек үстел өткізді.
Түрксіб аудандық «Ұстаз» кәсіподағының төрайымы Б.Бакторазова, жас қызметкерлер арасында кәсіподақтың қызметі, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруды арттыру және жұмысшылардың еңбек мүдделерін қорғауда кәсіподақ бірлестігінің маңыздылығын көрсету мақсатымен жас жұмысшыларды кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру, кәсіподақ қызметіне белсенді қатысуға тартуды атап өтіп жас жұмысшылар мен «Қандай еңбек мәселелері жас жұмысшыларды жиі толғандырады» тақырыбында талқылау жүргізді.
Келесі практикалық бөлімді «Мен өз құқығымды білемін» тақырыбында Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы заң бөлімінің бас маманы Тұрлыбекова Марал Сайлаубаевна жүргізіп, құқықтар, міндеттер және мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп, сұрақтарын бірге талқылады.
Қалалық кәсіподақ жастар кеңесінің мүшесі Ардақ Бахдаулетқызы «Жастар және кәсіподақ: болашаққа бірге» тақырыбында кейс-стади жұргізді. Өткізу барысында еліміздегі жас кызметкерлердің бетпе-бет келетін шындықтарына ерекше назар аударып, жас кызметкерлердің калай бірігетінін көрсетті. Катысушылар өздерінің ұсыныс, ой- пікірлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
-
Фотографии
-