АҚТӨБЕДЕ САЛА БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шараға кәсіподақ көшбасшылары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Салтанатты жиында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы Алтынбек Әмірғалиев қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
Шара барысында кәсіподақ белсенділері еңбектегі жетістіктері мен қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін марапатталды. Атап айтқанда, бірқатар азамат «Еңбек озаты», «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгілерімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында Ақтөбе қаласындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күнсұлу Мұратова да бар. Ол еңбек саласындағы ерекше жетістіктері мен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасына ие болды.
Сонымен қатар кәсіподақ қозғалысын дамытуға, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанар Құрманова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара еңбек адамдарының мүддесін қорғауға, кәсіподақ қозғалысын дамытуға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеуге арналды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-