ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮЗДІК БАСТАУЫШ ҰЙЫМ АНЫҚТАЛДЫ
Кәсіподақтар күніне орай Қызылорда облысының білім беру ұйымдары арасында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы тиімді жұмыс тәжірибелерін анықтау, қолдау, озық тәжірибелерді тарату және кәсіподақ қызметінің нәтижелілігін арттыру.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
І кезең – «Кәсіподақ қызметі туралы бейнеролик»;
ІІ кезең – «Біз кәсіподақ мүшесіміз…» презентациясы;
ІІІ кезең – «Құқықтық жағдаят».
Қатысушылар әр кезең бойынша өз ұйымдарының жұмысын таныстырып, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, еңбек құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылық бойынша білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, төмендегідей марапаттарға ие болды.
Бас жүлде – Жалағаш ауданы №31 білім беру ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Жалиева Тоты Базарбайқызы;
І орын – Қызылорда қаласы С. Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Бекенова Гүлсара Шаметқызы;
ІІ орын – Қазалы ауданы, №93 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Жолдасбай Жеңісбек Қолдасбайұлы;
ІІІ орын – Қармақшы ауданы Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Еленова Роза Киікбайқызы.
«Белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымы» – Арал ауданы №260 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Күлниязова Кұлмараш Жұмабайқызы;
«Бірлігі бекем ұйым» – Сырдария ауданы Ә. Жәмішев атындағы №129 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Әлиханова Айсұлу Шәріпқызы;
«Кәсіподақ қозғалысының үздік үлгісі» – Шиелі ауданы Абай атындағы №50 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Омарова Гүлнұр Байтұрсынқызы;
«Жаңашыл кәсіподақ ұйымы» – Жаңақорған ауданы №286 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы, төрағасы – Данияр Әбенұлы.
Байқау кәсіподақ ұйымдарының өзара тәжірибе алмасуына, үздік бастамаларды насихаттауға және кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамытуға жол ашты.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Кәсіподақ қызметіндегі еңбектеріңізге табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-