ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
7 қазан күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында қызмет ететін жас мамандарға еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, еңбек құқықтарын қорғау тетіктерімен таныстыру, кәсіподақтың қызметі мен мүмкіндіктерін насихаттау, сондай-ақ жас мамандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кәсіподақ-сенің қорғаның!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге 26 жас маман және №10, №12, №13, №21 жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кәсіподақ төрағалары қатысып, еңбек қатынастарында жиі кездесетін мәселелерді талқылап, заң талаптарына сәйкес дұрыс шешім қабылдау жолдарын үйренді.
Атап айтатын болсақ, жас маман еңбек шартында өзінің лауазымы, еңбек функциясы, жұмыс орны, жұмыс уақыты, тынығу уақыты, еңбекақы мөлшері мен төлеу тәртібі, сондай-ақ еңбек шартының мерзімі мен оны тоқтату талаптары бойынша сұрақ-жауаптар алынды.
Қорытындылай келе, құқықтық сауатты жас маман — өз құқығын білетін, міндетін жауапкершілікпен орындайтын және әділ еңбек қатынастарын қалыптастыруға үлес қосуы керек.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-