КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ – ЖАСТАР
Жастар – кәсіподақ қозғалысының бүгінгі белсенді күші, ертеңгі көшбасшылары. Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жастармен жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, олардың кәсіби дамуы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға ерекше мән беріп келеді.
Бүгінде облыстық кәсіподақ ұйымының құрамында 9 710 жас мүше бар. Бұл – кәсіподақ мүшелерінің 28,7 пайызы. Бұл көрсеткіш жастардың кәсіподақ қозғалысына белсенді араласып келе жатқанын аңғартады.
Жастардың кәсіподақ жұмысына белсенді араласуын арттыру мақсатында облыстың 12 ауданындағы кәсіподақ ұйымдары мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанынан Жастар кеңестері жұмыс істейді. Облыстық Жастар кеңесінің төрағасы мен орынбасары да осы кеңес құрамында болып, жас мамандармен бірге түрлі бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.
Кеңес құрамындағы жас мамандар өзара пікір алмасып, кәсіподақ жұмысына қатысты бастамаларын ұсынып, түрлі жобалар мен іс-шараларды бірлесе жүзеге асырып келеді.
Жастар кеңесі – тәжірибе алмасып, еңбек құқықтары мен міндеттері туралы білімін толықтыруға, кәсіби және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін орта. Семинарлар, кездесулер, мәдени-спорттық және қоғамдық іс-шаралар арқылы жастардың кәсіподақ өміріне белсенді араласуына жол ашылуда.
Жастар арасынан көшбасшыларды қалыптастыру – кәсіподақ қозғалысының сабақтастығын қамтамасыз етудің маңызды бағыты.
Бүгінгі жас – ертеңгі кәсіподақ көшбасшысы. Сондықтан жастардың бастамасына қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беру – Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының басты бағыттарының бірі. Жастар бар жерде жаңашылдық бар, ал жаңашылдық бар жерде даму бар.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы