ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы – еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі. Осы бағытта Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде болып, білім саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі талаптары мен еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында еңбек заңнамасын қолдану ерекшеліктері, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік кеңестер берілді.
Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы және еңбек шарттарының дұрыс жүргізілуі бойынша ұсыныстар айтылды.
Кездесу барысында мектеп ұжымымен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы