ӘЙЕЛ. ПЕДАГОГ. ТҰЛҒА
Осындай тақырыпта Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жанындағы Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен әйел педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу мақсатында арт-терапия іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар шығармашылық жұмыстар орындау арқылы өздерінің ішкі ресурстарын танып, эмоциялық үйлесімділікті қалыптастыруға және тұлғалық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған тапсырмаларға қатысты.
Арт-терапия педагогтардың өзін-өзі тануына, ішкі сенімділігін нығайтуға және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етті. Кездесу қатысушыларға өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізіп, жаңа қырларын ашуға жол ашты.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы