ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕНІС
Томина Оксана Михайловна — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы №2 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Білім беру саласында 39 жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие. Ол осы жылдар ішінде кәсіби білімін жетілдіріп, оқыту тәжірибесіне заманауи әдістерді енгізіп келеді.
Ұстаз сабақ барысында дамыта оқыту технологияларын, сыни тұрғыдан ойлау әдістерін және жобалық-зерттеу жұмыстарын қолданады. Оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне, логикалық ойлауына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық береді.
Оксана Томинаның жетекшілігімен оқушылар пәндік олимпиадаларға, зияткерлік марафондар мен шығармашылық байқауларға қатысып, өз білімдерін шыңдайды. Оның басты мақсаты — балаларға берік білім негізін қалыптастырып, келесі оқу кезеңіне сенімді қадам басуына көмектесу.
Ұзақ жылғы еңбек жолында Томина Оксана Михайловна талай шәкірттің алғашқы ұстазы болып, олардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына бағыт берді. Бүгінде ол №2 Хромтау гимназиясында балаларға білім беріп, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпақтың сауатты әрі жан-жақты қалыптасуына арнап келеді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-