БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС
«Қуатты кәсіподақтар - еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әлеуетін арттыру және еңбек адамдарының мүддесін қорғау бағытындағы қызметті заман талабына сай ұйымдастыруға ерекше мән беріледі.
Осы мақсатта Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдеріне арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарын заманауи талаптарға сәйкес ұйымдастыру, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын цифрландыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіподақ қызметін жетілдірудің заманауи тәсілдерін қарастыру, жұмыс үдерістерін цифрландыру мүмкіндіктерін талқылау және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу.
Семинар-кеңес барысында кәсіподақ жұмысын жүйелі ұйымдастыру, құжат айналымын оңтайландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану және мүшелермен байланысты нығайту мәселелеріне назар аударылды. Заманауи жұмыс тәсілдерін меңгеру кәсіподақ ұйымдарының уақыт талабына бейімделуіне, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және күнделікті қызметті тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – еңбек адамы мен кәсіподақ арасындағы негізгі байланысты қамтамасыз ететін маңызды буын. Сондықтан оның жұмысын жетілдіру, белсенділігін арттыру және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану кәсіподақ қозғалысының дамуына тікелей ықпал етеді.
Қуатты кәсіподақ – өз жұмысын заман талабына сай ұйымдастырып, әр мүшесінің мүддесіне қызмет ететін ұйым. Жаңашылдыққа ұмтылу, тәжірибе алмасу және ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет ету – кәсіподақ жұмысының нәтижелілігін арттырудың маңызды алғышарттары.
#ҚуаттыКәсіподақтар #ЕңбекАдамыныңҚуаттыҮні #Цифрландыру #БастауышКәсіподақҰйымы
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық комитеті