МАҚАНШЫДА ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
Абай облысының Мақаншы ауданында Еңбекші әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия құрылды.
Комиссияның алғашқы отырысына Абай облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру жұмыстары бойынша бас маманы, облыстық еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрайымы Ұ.Воказе қатысты.
Жаңадан құрылған аудандық комиссияның төрайымы болып Мақаншы орта мектеп-бақшасының мұғалімі А.Келесова тағайындалды.
Комиссияның негізгі мақсаты – білім беру саласында еңбек ететін әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысуына ықпал ету және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
Сонымен қатар, комиссия еңбекші әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, кәсіби дамуына қолдау көрсетуге және отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуді көздейді.
Айнұр Келесқызына жауапты жұмысына сәттілік пен толағай табыс тілейміз! Еңбекші әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы бастамаларыңыз жемісті болып, комиссия жұмысы жаңа жетістіктерге жете берсін!
Абай облысы Мақаншы аудандық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-